(1888–1952)
«Далдабай өз баласы болмай, жиені Айманкүлді бесіктегі бала кезінде
бала қылып, бауырына салып өсірген. Айманкүлді оқытушы Ділдәхан молда Бухарада
отыз жыл оқып қайтқан, ескі медресе тәрбиесі бойынша көп білім алған кісі деп
саналатын. Айманкүлдің кітап оқығыштық мінезін құптаған Ділдәхан молда өзі
әбден қартайған шағында «ең жақсы шәкіртім осы» деп, бар кітапханасын Айманкүлге
сыйлайды»
деп, болашақ ақын қыздың тәлім-тәрбие алған ортасынан
хабар береді.
«Осы шығармаларды Айманкүл өзі оқып, жұртқа тыңдатумен
қатар, баласының санасына ақындыққа құмарлықты еге жүреді».
Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жарияланған.
Өлең-толғауларынан Сыр бойы ақындарының сарыны, Шығыс поэзиясының әсері
байқалады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама,
өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. Т-ның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген.
Комментариев нет:
Отправить комментарий