Тәжібаев оқулары

26.02.2014   Сыр сүлейі, жыр дүлейі - Әбділда
126.gif  Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының көрнекті шебері, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Ә.Тәжібаевтың 105 жасқа толуына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасы қалалық білім бөлімімен бірігіп  «Сыр сүлейі, жыр дүлейі - Әбділда» атты жыр мүшайрасын өткізді.
       Мақсаты:
       Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;
      Туған жерді, елді сүюге, ынтымақтастыққа дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу. Ақын өлеңдеріндегі атамекен мен адамгершілік сезімдерін, жастық пен достық сырларын кеңінен саралау.
    Мүшайраға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7-10 сыныбынан іріктеліп барлығы 28 оқушы қатысты.
     Мүшайра шарты бойынша жыр додасына қатысушы оқушылар «Елім барда осындай арман бар ма?...»атты 1-ші  бөлімі бойынша ақын өлеңдерін жатқа оқыcа, «Елді сүй деп айтамын қалғандарға»  атты 2-ші бөлімі бойынша Жыр дариясы, Сыр сүлейі Әбділда Тәжібаевқа арнаған өз жырларын оқыды.
      Жыр додасына «Сырдың сыршыл ақыны» атты Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.
        Мүшайра қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

12.02.2014   «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» - әдеби-сазды кеш
       5555555555.gifСыр бойының аяулы азаматы, әдебиет танушы, филолог, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаев өзінің артына өшпестей етіп, үлкен мұра қалдырды.
       12 ақпан күні  Әбділда Тәжібаевтың 105  жылдығына балалар әдебиеті бөлімі «Сыр сүлейі, жыр дүлейі»  атты әдеби-сазды кеш  өткізді. Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу. Біздің мақсатымыз - осындай тәрбиелік мәні зор өлеңдерді жастарымызға таныстырып, ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеу.
       Әдеби-сазды кешке №7 орта мектеп оқушылары, №264 мектеп-лицейдің оқушылары, «Рауан»интеллектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысты.
       Оқушылар Әбділда  атамыздың шығармашылығына шолу жасап, өлеңдер оқып, ақын сөзіне «Сырдария», «Құлыншағым» әндері орындалды,  туған жер, Отан туралы  әндер шырқалды. Ақынға арналған жазушы-ақындардың жылы лебіздері  айтылды.   Жас ақындарымыз  арнау өлеңдерін оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.
       Мәдени шараға №12,112, 187, 233 орта мектептердің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

11.02.2014  Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың 105 жылдығына арналған іс-шаралар апталығы
555555555555.gif     11 ақпан күні оқу залында «Сырда туған сырбаз ақын» атты жыр кеші өтті. Кешке жергілікті ақын – жазушылар: Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшелері, ақын Ә.Рақымбеков, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда Облыстық филиалының директоры, «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редактор-жүргізушісі Қ.Есімсейітовалар мен балалар ақыны, педагогика ғылымының докторы, профессор Р.Наурызбаева, «Әлімсақ» журналының редакторы, ақын Н.Көбегенұлы, «Жауқазын-ғұмыр» жас ақын-жазушылар клубының жетекшісі, ақын  Н.Бердіқожа қатысты.
Кешке қатысушы жыр сүйер қауым Ә.Тәжібаев туралы бейнесюжетті тамашалап, ақынның көзін көрген кеш қонақтары естеліктер айтты. «Жауқазын-ғұмыр» клубының мүшелері  «Ана мен бала» атты пролог жасап, Айманкүл анамыз бен бала Әбділданың образын сомдады. Қызылорда гуманитарлық колледжі студенті  Қасымов Жантас, «Болашақ» университетінің студенті Абдумаликова Назерке, Қызылорда көпсалалы колледжінің оқытушысы Биходжаева Фариза т.б. оқырмандар Ә.Тәжібаев жырларын шабыттана оқыды және өздерінің арнау өлеңдерін тарту етті.
Сонымен қатар, сахна төріне ерекше үлгідегі көрме жасалды. Оған дүлділ ақынның өзі пайдаланған, тұтынған дүниелері, жазған хаттары, оқырмандар әлі де таныспаған  фото-суреттері қойылды.


07.02.2014   Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында 2014 жылдың 10-14 ақпан аралығында қазақтың аса көрнекті ақыны, халық жазушысы, драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Тәжібаев оқулары» өткізіледі.Апталық аясында мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады:
   10 ақпан «Сырдың алып бәйтерегі» -виртуалды көрме
   10 ақпан «Жұлдызы биік жыр –жаһан» -кітап көрмесі
  11 ақпан сағ. 11.00 «Сырда туған сырбаз ақын» -жыр кеші
  12 ақпан сағ.15.00 «Сыр сүлейі, жыр дүлейі» -әдеби-сазды кеш
  13 ақпан сағ.15.00 «Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым -әдеби оқулар
                Келіңіздер,тамашалаңыздар!


08.02.2013   «Жыр ғұмыр»- әдеби-сазды кеш



54.gifБалалар бөлімі Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сырдың перзенті, ақиық ақын  Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Тәжібаев оқулары» аясында  «Жыр ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Әдеби кешке №4 С.Сейфуллин атындағы  орта мектептің оқушылары  және «Самұрық» би тобы қатысты.  Шарада  ақынның шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, оқушылар  ақынның өлеңдерін  жатқа оқып, көрермендер «Толағай» поэмасынан шағын қойылымды тамашалады. №264 мектеп-лицейдің оқушылары ақынның өлеңдеріне жазылған «Сырдария», «Құлыншағым-құндызым» т.б.әндерін орындап, №187 орта мектептің  оқушылары Әбділда атаның өлеңдерін оқыды..
      Кітапхана фойесінде   «Жыр сүлейі – Әбділда » атты кең көлемді суретті кітап көрмесі


07.02.2013  Тәжібаев оқулары

53.gif     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4-9 ақпан аралығында «Тәжібаев оқулары» апталығы ұйымдастырылды. Осы апталық аясында  7 ақпан күні оқу залы бөлімінде, қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, филология  ғылымының докторы,  жерлесіміз
Ә.Тәжібаевтың  «Тасты басып кетілген,
                             Сазды басып жетілген,
                             Арғымақ ақын Әбекең»  атты жыр кеші өтті.
     Кешке  жергілікті ақын – жазушы ағаларымыз Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әскербек Рахымбекұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,ақын Махмұтбай Әміреұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,ақын  Қатира Жәленова қатысты. 
      Қонақтар мен оқырман қауым экраннан Ә.Тәжібаевтың Сыр өңіріне келген кезіндегі деректі фильмінен үзіндіні тамашалап, Әбділдә атамыздың даусын естіп, ақынмен бір сәт кездескендей әсер алды.
      Жыр кешін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қаршыға Есімсейітова жүргізді.
      Кеште ақын шығармаларынан өлеңдер оқылды.Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті Тәуекелов Азамат ақынға « Арнау» шығарып, оқырмандар алдында тұсау кесерін жасаса, Қызылорда гуманитарлық колледжі  студенті  Қасымов Жантас, «Болашақ» университетінің студенті Абдумаликова Назерке, Зиянсызова Бибісара  ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Қорқыт  - Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Сүгірбай Марат Тұрмағамбеттің рубаиларын қобыз аспабында орындап, оқырмандар ықыласына бөленді.

31.01.2012  «Жыр сүлейі – Әбділда»  -  кітап көрмесі
51.gifҚазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сырдың перзенті, ақиық ақын  Әбділда Тәжібаев – қазақ әдебиетінің тарихында  көрнекті орынға ие болған  ақын-жазушылардың бірі.
Кітапханада жыл сайын ақпан айында «Тәжібаев оқуларын» өткізу дәстүрге айналған.
        Балалар бөлімінде 15 қаңтардан бастап  «Тәжібаев оқулары» аясында «Жыр сүлейі – Әбділда» атты «Толағай тұлға», «Сырым менің, Сырым менің сырласым», «Жұлдыз шашқан жырлар»  атты 3 бөлімнен тұратын суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ақынның шығармалары, фото-суреттер, қазақ ақын-жазушыларының ақын туралы жазған кітаптары, олардың лебіздері жазылды.
      Көрмеге барлығы 56 кітап, 20 фото-сурет қойылды. Кітап көрмесі 9 ақпанға дейін ұйымдастырылады.
       Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.


17.02.2013   1999 жылы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың есімі берілді

IMG_3961.jpg1999 жылы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың есімі берілді. Бұл біздер үшін үлкен мақтаныш, зор мәртебе. Кітапханамызда жыл сайын ақпан айында «Тәжібаев оқуларын» өткізу дәстүрге айналған.

        2012 жылдың 17 ақпан күні ақын Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналып «Жырлайды жүрек» атты әдеби кеш өтті. №7 орта мектептің 8 «г» сынып оқушылары   қатысты.   Кешті 8 «г» сыныбының жетекшісі  Шамахова Гүлбану «Арнау» өлеңімен ашты.   Мәдени шарада   ақынның өлең, поэмалары  оқылып,  «Толағай» поэмасынан қойылым көрсетілді.  Сонымен қатар №7 орта мектебінің «Ремти» тобы  және  «Өнер қырандары» атты  КВН командасы өз өнерлерін көрсетті. Шараға №4, №12,140, 233 орта мектептердің оқушылары қатысты.

      Кітапхана фойесінде   «Жұлдыз шашқан жырлар» атты кең көлемді суретт кітап көрмесі ұйымдастырылды.


15.02.2012 Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәжібаев оқулары» аясында Сыр топырағында дүниеге келіп Әбділдадай адуынды ақынды туған, жарты ғасырдай бұрын Асқар Алатаудың баурайында

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәжібаев оқулары» аясында Сыр топырағында дүниеге келіп Әбділдадай адуынды ақынды туған, жарты ғасырдай бұрын Асқар Алатаудың баурайында мәңгілікке бақилық болған, ақын, аналардың анасы Айманкүл  Тәжібаеваның шығармашылығына арналған «Жыр анасы, ел анасы – Айманкүл» атты кеш өткізілді.
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл шараның мақсаты – оқырман қауымға ақынның төл шығармаларын таныстырып, насихаттау.Шара барысына жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының жас ақындары және ақын Қатира Жәленова қатысып, Айманкүл ана жайлы өз естеліктерімен  бөлісті.
   Мәдени шарада жас оқырмандар ақын өлеңдерінен, поэмаларынан үзінділер оқып,жас ақындар Айманкүл ақынға арнаған жүрекжарды өз өлеңдерін арнады.
«Жұлдыз шашқан жырлар» «атты кітап көрмесі үйымдастырылып,оқырмандар назарына ұсынылады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий